Ссылки доступа

Сириядағы атыс кезінде ресейлік әскери қаза тапты


Ресей билігі Хомс провинциясындағы атыс кезінде ресейлік әскери қызметшінің қаза тапқанын хабарлады.

Ресей қорғаныс министрлігі 11 мамырда содырлардың оғынан жараланған Антон Ерыгин есімді әскеридің ауруханада көз жұмғанын мәлімдеді. Министрліктің дерегінше, Ерыгин Сириядағы ресейлік бітімгерлік Орталығының автокөлік керуенін күзеткен.

Сирияның Латакия провинциясындағы ресейлік Хмеймим әуе базасының өкілі әскери госпиталь дәрігерлері Ерыгиннің өмірі үшін екі күн бойы арпалысқандарын хабарлаған. Ол әскери қызметшінің мемлекеттік марапатқа ұсынылғанын айтты.

Ресейлік ресми тұлғалардың дерегіне сәйкес, Ерыгин Сирияда былтырғы жылдың қыркүйегінен бері қаза тапқан тоғызыншы әскери қызметші боп саналады.

XS
SM
MD
LG