Ссылки доступа

«Норман төрттігі» мен Ресейдің Берлиндегі келіссөздері нәтижесіз аяқталды


Украинаның сыртқы істер министрі Павел Климкин Берлинде «норман төрттігі» елдерінің сыртқы істер министрлері ресейлік тараппен ресми Киев үшін маңызды боп табылатын Донбасста сайлау өткізу мәселесі бойынша келісімге келе алмағанын хабарлады.

Климкин ресейлік тараптың сайлау заңының өздері жасаған нұсқасын ұсынғанын айтты. Климкин: «Біз украин заңдарын өзіміз де жаза аламыз және ешқандай ақыл-кеңестің қажеті жоқ», - деп кесіп айтты. Ол сонымен бірге Кие,в үшін Донбасстағы жергілікті сайлауларды басқарудың ең маңызды екенін де қосып қойды.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Донбасста сайлау өткізу үшін бірқатар шартты орындау қажеттігін мәлімдеді. Оның сөзінше сайлау туралы заң Донецк және Луганскімен келісілген түрде жазылуы керек. «Және амнистия жарияланбай тұрып, сайлау өткізу мүмкін емес», - деді Сергей Лавров.

Берлиндегі кездесу алдында герман министрі Франк-Вальтер Штайнмайер ресейшіл сепаратистердің бақылауындағы Украинаның шығысындағы жергілікті сайлауды Еуроодақтың Мәскеуге қарсы санкцияларының мерзімі аяқталатын шілде айының соңына дейін өткізуді көздейтінін мәлімдеген болатын.

Штайнмайер оқ атуды тоқтату туралы минскілік келісімдер мен сайлау секілді саяси мәселелерді шешу үдерісі «тасбақаның жүрісіндей жылдамдықпен» жүріп жатқанын айтты. «Бұлай шексіз жалғаса беруі мүмкін емес», - деді ГФР сыртқы істер министрі

XS
SM
MD
LG