Ссылки доступа

Әзірбайжан гейлер тұратын ел емес


Дәстүрлі емес сексуалды көзқарастағы жандарға ыңғайлы елдер рейтингінде Әзірбайжан соңғы,49-орынға тұрақтады. Мұндай зерттеуді Лесбилер мен гейлердің халықаралық қауымдастығының (ILGA) еуропалық филиалы дайындаған.

Баяндама авторларының сөзінше, Әзірбайжан ILGA әзірлеген секс азшылықтардың әлеуметтік теңдікте өмір сүруін анықтайтын өлшемдердің тек бес пайызына сәйкес келеді. 48 және 47-орында Ресей мен Армения тұр.

Ал гейлердің өмір сүруіне ең қолайлы ел ретінде 86 пайыз көрсеткішке ие болған Ұлыбритания аталды. Одан кейін Бельгия (83 пайыз) және Мальта (77 пайыз) келеді.

ILGA гомосексуализм заңға қайшы саналмаса да Әзірбайжанда гейлер мен лесбилер жеккөрушілік пен алалаушылықтан туындайтын қылмыстық әрекеттен қорғалмағанын мәлімдеді. Зерттеу авторлары республикада гомофобияға байланысты қылмыс санының көптігін және саясаткерлердің бұл тақырыпта сексуалды азшылықтың намысына тиетін мәлімдеме жасайтынын көрсеткен.

ILGA-Europe өкілі Бьорн ван Розендальдың айтуынша, «Армения, Әзірбайжан және Ресейді біріктіретін нәрсе, бұл елдер Батыстан бойларын аулақ салғысы келеді және гомосексуализммен күрес осы қозғалыстың өзегі боп табылады».

XS
SM
MD
LG