Ссылки доступа

Қырғызстандағы ірі мобильді байланыс операторына инвестор табылмады


Бастапқы құны 300 миллион доллар ретінде белгіленген «Альфа Телеком» ЖАҚ аукцион арқылы сату шарасы оған қатысушылардың жоқтығына байланысты өтпейтін болды. Билік операторды сатудан түскен ақшаға «Балықшы-Қорымды» тас жолын жөндеуден өткізуді көздеген еді.

Үкімет аукцион туралы ақпан айының басында хабарлағанымен, үш айдың ішінде бір де бір өтініш түспеген. Әзірге арнайы комиссия жағдайды әрі қарай қалай шешуді ойластырып үлгермеді. Ал қоғам мен сарапшылар арасында мемлекеттік тмүлік пен стартегиялық кәсіпорындарды жекенің қолына сатудың дұрыстығына байланысты қызу пікірталас жүріп жатыр.

Комиссия мүшесі, Жоғорку Кеңеш депутаты Сайдулла Нышанов «Азаттыққа» әзірге қайтадан аукцион жариялау немесе тоқтатуға қатысты шешім қабылданбағанын хабарлады. Ол жеке басы компания құнын төмендетіп, тезірек сатуды құптайды.

- Мен басында операторды жекешелендіруге қарсы болғанмын, бірақ WhatsApp секілді тегін технологиялар мен байланыс құралдары дамыған сайын мобильдщі компаниялардың табысы жыл өткен сайын азая береді. Егер жаңа инвестор 3-5 лет жылда салған ақшасын өтей алмайтын болса, онда компания ешкімге керек болмайды. Бізге операторды тезірек сату керек және қазіргі бағада оны еншкім алмайды, - деді депутат.

Аукцион өткізетін мемлекеттік мүлік Қоры компанияны сатуға қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Компанияның 2,5 миллионнан астам абоненті бар. Дегенмен қоғамда операторды сатып алғысы келген жемқор шенеуніктер мен пайдакүнем кәсіпкерлер бағаны арзандату үшін өзара келісіп алып, алғашқы аукционды әдейі өткізбей тастады деген пікір қалыптасып отыр.

XS
SM
MD
LG