Ссылки доступа

Тәжікстанда адамдарды апат аймағынан көшіруде


Тәжікстанда жер көшкінін тудырған нөсер жауын салдарынан жүздеген адам көшірілді, жүздеген үйді су басты.

Тәжікстан төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы Ориф Нозимов бейсенбіге қараған түні Душанбенің іргесіндегі мыңға жуық тұрғын үйді су басып қалғанын хабарлады. Су басқан аудандардан жүздеген адам көшірілген.

Жер көшкіні мен су тасқыны елдің өзге де аудандарында болған. Бұған дейін Тәжікстан билігі жер көшкінінен үш адамның қаза тапқанынхабарлаған еді. Тәдікстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті азаматтарды апат аймақтарына барудан бас тартуға шақырды.

XS
SM
MD
LG