Ссылки доступа

ХВҚ: әлемдік ЖІӨ екі пайызға жуығы параға жұмсалады


Жыл сайын әлемде пара беруге 1 жарымнан екі триллион долларға дейін ақша жұмсалады, бұл әлемдік жалпы ішкі өнімнің шамамен екі пайызын құрайды. Бұл туралы халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард мәлімдеді.

Лондонда өтетін жемқорлықпен күрес саммитінің қарсаңында жарияланған Лагардтың ашық хатында жемқорлықтың экономиканы қирататын күшке ие екені, соның кесірінен білімге, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларға жұмсалатын шығынның қысқаратыны туралы айтылады.

ХВҚ басшысының пікірінше, жемқорлықтан болатын қосымша шығындар одан да көп болуы мүмкін және ол экономикалық өсімнің баяулауының және адамдар табысындағы теңсіздіктің өсуінің себебіне айналады.

Кристин Лагард сонымен бірге, жемқорлық азаматтардың үкіметке деген сеніміне сызат түсіретінін және этикалық талаптарды жоятынын айтты. 12 мамырда Лондонда жұмысы басталған жемқорлыққа қарсы күрес саммитіне 40 елдің өкілдері, оның ішінде 11 мемлекеттің басшысы қатысуда.

XS
SM
MD
LG