Ссылки доступа

АҚШ Еуропадағы зымыраннан қорғаныс жүйесінің Ресейге қарсы бағытталмағанын мәлімдейді


АҚШ сыртқы істер министрінің орынбасары Роберт Уорк Румынияның оңтүстігіндегі Девеселуде орналасқан зымыранға қарсы кешеннің ашылуында АҚШ Ресейге қарсы шыққысы келсе, оны ашық айтатынын мәлімдеді. Жаңа нысан Еуропадағы ауқымды зымыраннан қорғаныс жүйесінің (ЗҚЖ) бөлігіне айналады.

"Әңгіме НАТО одағының ұжымдық қорғанысы, Румынияның өзін-өзі қорғауы, Құрама Штаттардың Еуропадағы қарулы күштерінің қорғанысы және зымыранға қарсы қорғаныс туралы ғана ", - деді Уорк.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг бұл жүйенің ресейлік құрлықаралық зымырандарды атып түсіруге қауқарсыз екенін және Иранға қарсы бағытталғанын мәлімдеді.

Столтенберг ЗҚЖ Ресейге қарсы бағытталмағанын тағы қайталады. "Ол тек қорғанысқа арналған. Ресейдің географиясы мен физика заңдары бұл жүйені осы елге қарсы бағыттау мүмкіндгін жоққа шығарады. НАТО ЗҚҚ жүйесі Ресейдің құрлықаралық баллистикалық зымырандарын Румыния немесе Польша аумағынан атып түсіре алмайды. Біздің жүйеміз еуроатлантикалық өңірден тыс жердегі қауіптің алдын алуға арналған. Біз Ресейге бұл туралы мың қайтара ашып айттық", – деді ол.

XS
SM
MD
LG