Ссылки доступа

Владимир Путин "Патриот" автокөлігінің есігін аша алмады (бейне)


Ресей президенті Владимир Путин Ульянов автокөлік зауытының қорғаныс министрлігіне арнап шығарған "Патриот" көлігін тексеру кезінде ішіне кіре алмады – ол жолаушы отыратын жақтың есігін ашуға тырысқанымен, есік ашылмай қалды.

"Интерфакс" Путинге көмекке қорғаныс министрлігінің Бас автоброндытанк Бас басқармасының бастығы Александр Шевченко ұмтылған. Нәтижесінде автокөлік есігінің тұтқасын жұлып алған.

Көлікті құрастырушылар есік автокөлік қозғалтқышы оталмай тұрғанда ашылмайтынын айтты. "Патриотты" көрсету кезінде Путинге осындай ерекшеліктер туралы айтуды ұмытып кеткен көрінеді.

Путин бейсенбі күні әскери-өнеркәсіп кешенінің өкілдерімен соңғы күндерде үшінші мәрте кездесті. Оған әскери мұқтаждық үшін қайта жабдықталған УАЗ өнімдерін көрсеткен. Мәселен "Патриот" көлігіне 12-миллиметрлік пулемет пен танкке қарсы граната атқыш орнатуға болады.

XS
SM
MD
LG