Ссылки доступа

Обама "ресейлік агрессияға" қарсы еуропалық одақтастарына қолдау білдіреді


13 мамырда АҚШ президенті Барак Обама мен Солтүстік Еуропаның бес елінің лидерлерімен болатын кездесудегі басты тақырып Ресейдің әскери амбициясының ұлғаюы болмақ.

Швеция, Дания, Финляндия, Норвегия және Исландия елдерінің лидерлері Вашингтонға ресми сапармен келді. Обама Ақүйде олармен ғаламдық қауіпсіздік мәселелері жөнінде, атап айтқанда Еуропаға мыңдаған мигранттардың "ағылуына" әкелген Сирия мен Ирактағы дағдарыс жөнінде келіссөздер жүргізеді.

Ресейдің 2014 жылы Қырымды аннексиялауы көрші және Балтық елдерінің алаңдаушылығын туғызды. НАТО ресейлік агрессияның алдын алуын қарастырып жатыр. Ақүй солтүстік-еуропалық одақтастарына көмек қолын созып, қолдау білдірмек.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің аға директоры Клифф Купчан "жағдайды жақсарту үшін ұжымдасқан түрде қандай қадам жасайтындығымызды талқылаймыз. Осылайша АҚШ-тың аймақтардың қауіпсіздігіне бейжай қарамайтындығын білдіреміз" деді.

XS
SM
MD
LG