Ссылки доступа

Қырғызстанда Ана күнін мерекеледі


2012 жылдан бері Қырғызстанда мамыр айының әр үшінші жексенбісі Ана күні ретінде мерекеленеді.

Ана Күнін тойлау қарсаңында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 1902 көпбалалы анаға «Баатыр эне» орденін, алтаудан көп бала тәрбиелеген 437 әйелге «Даңк» медалін табыстады.

Мемлекет басшысы сонымен бірге Мәскеудегі метрода әйелді өлімнен құтқарған Марат Исаевтың анасын, спортшы қыздар Валентина Шевченко мен Айсулуу Тыныбекованың, сонымен бірге ФИФА халықаралық төрешісі Бахадыр Қошқаров және «Азия MIX» КВН командасының жетекшісі Эльдияр Кененсаровтың аналарын сыйлықтармен марапаттады.

XS
SM
MD
LG