Ссылки доступа

Қырымда қырым татарларын жер аудару қайғысын еске алды


Қырымда 1944 жылы қырым татарларын түбектен жер аударған оқиғаның жылдығын еске алуға арналған "Чатырдагқа шығу" шарасы өтті. Шараға үш мыңнан астам адам қатысты.

Бұл туралы Қырым және Севастополь қаласы мұсылмандарының Діни басқармасының сайтында хабарланды. Тауға шығудың алдында сөз сөйлеген түбек Мүфтиінің орынбасары Айдер Исмаилов қырым татарларын "ештеңеге қарамастан рухты биік көтеріп жүруге және әрқашан бірге болуға" шақырды.

Сталиннің бұйрығымен 1944 жылы 18 мен 20 мамырда Қырымнан 200 мыңға жуық татар жер аударылды. Оларды күшпен Орталық Азияға, Сібірге және Оралға депортациялады.

Жер аударуды еске алу шарасы пикет түрінде Нижний Новгород қаласында да өтті. Оны "Солидарность" қозғалысының жергілікті бөлімшесі ұйымдастырған. Пикетке оншақты адам қатысты, олар қолдарына сталиндік репрессияның қайталануын болдырмауға шақырған ұрандар жазылған үнпарақ ұстап тұрды. .

XS
SM
MD
LG