Ссылки доступа

Француздың саясаткер әйелдері сексизм мен қол жүгіртушілікке қарсы


Францияда бұрынғы 17 әйел-министр сексизм мен еркектердің тиісуіне қарсы бірлескен мәлімдеме жасады. Саясаткер әйелдер саяси ортада әйелдерге сексуалдық қырындау туралы «бұдан былай үнсіз қалмайтындарын» айтты.

Өз бастарына қатысты сексизмді байқағаны туралы айтқан әйелдердің ішінде ХВҚ басшысы Кристин Лагард бар. Олардың айтуынша, «әрбір бесінші әйел өзінің кәсіби қызметінде сексуалды қырындауды басынан өткерген», бірақ ол туралы көпшілікке тіс жармаған деп хабарлайды Халықаралық Француз радиосы.

Өткен аптада француз парламентінің төменгі палатасының вице-спикері Дени Бопен әйелге сексуалды мақсатта тиісті деген айыптан соң қызметінен кетті. Саясаткер тағылған айыппен келіспейді және жала жапқаны үшін соттасатынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG