Ссылки доступа

Қырғызстанда сел зардаптарын жоюда


Қырғызстанның бірқатар ауданын нөсер жауыннан болған сел басып, жолдар мен су арналарын шайып кеткен, тұрғын үйлерге зақым келді. Бұл туралы республиканың ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдай министрлігінің дерегінше,сел Баткен облысының Лейлек ауданында, Жалал-Абад облысының Ақсый және Тоқтоғұл аудандарында, Ош облысының Қара-Суу және Қара-Құлжа аудандарында болған.

Тоқтоғұл ауданындағы Тақтық жайылымында сел 100 бастан көп малды ағызып әкеткен. .

ТЖМ қазіргі таңда төтенше жағдай зардаптарын жою жұмыстарын бастаған және материалдық зиян көлемі есептелуде.

XS
SM
MD
LG