Ссылки доступа

Тәжікстанда көшбасшы әйелдер дайындайды


Тәжікстанның әйелдер және отбасы ісі жөніндегі комитеті көшбасшы әйелдерге арналған мектеп ашты. Көшбасшылық жөніндегі курстың тыңдаушылары ретінде 30 үздік оқитын студент жазылған.

Әйелдер ісі және отбасы жөніндегі комитет өкілдерінің сөзінше, бұл курстар қабілетті қыздар мен әйелдер арасынан басшылық кадрларды тәрбиелеу, іріктеу және тағайындау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында өтіп жатыр.

Талантты қыздар арасынан басқарушы мамандар дайындау туралы шешім тәжік әйелдерінің қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаның қабылданғанына 10 жыл толуына орай қабылданған.

Қазір Тәжікстан тұрғынының 54% әйелдер болса да, әйелдердің мәртебесін көтеру туралы көптеген мемлекеттік бағдарламаға қарамастан, мемлекеттік қызметтегі нәзік жандылардың үлесі еркектерден әлдеқайда төмен. Ресми дерек бойынша, тәжік үкіметіндегі басқарушы лауазымдардың тек 27% әйелдерге тиесілі, алайда олардың көпшілігі әдетте бастық емес, орынбасар деңгейінде ғана болады.

XS
SM
MD
LG