Ссылки доступа

Жамала "Еurovision-2016" жеңісінен кейін Украинаға оралды


Биылғы Еurovision ән байқауын жеңіп алған украин әншісі Жамала баспасөз мәслихатында жеңісіне шабыттанып жаңа ән жазғанын жария етті және оның бас жағын айтып берді.

Оның сайысқа апарған "1944" әні кеңес үкіметінің қырым татарларын Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде күштеп Орталық Азияға жер аудару саясатын айыптайды.

Жамаланың шын аты – Сусанна Жамаладинова. Ол Қырымнан Қырғызстанға жер аударылған отбасында туып-өскен. Сайыстың соңғы туры стокгольмдық Globe Arenaдан көрсетілді, оны Еуропа, Қытай, Австралия, Жаңа Зеландия және Құрама Штаттардағы 200 миллион көрермен тамашалады.

Екінші орынды Sound of Silence әнімен австралиялық әнші қыз Дэми Ин иеленді.

Үшінші орын You're The Only One әнін орындаған ресейлік орындаушы Сергей Лазаревке бұйырды. Келесі жылғы Еurovision ән байқауының ақтық сыны Украинада өтетін болды.

XS
SM
MD
LG