Ссылки доступа

Хован бейітіндегі төбелеске қатысқандарды Ресейден шығарып жіберуі мүмкін (бейне)


Мәскеудегі Хован мазарында жаппай төбелеске қатысқаны үшін ұсталған 40 адам көші-қон заңын бұзаны үшін Ресейден қуылуы мүмкін.

Ресей ІІМ 14 мамырда болған төбелеске 200-ге жуық адамның қатысқанын хабарлады. Алдын-ала дерек бойынша, тәжік және өзбек ұлтының өкілдеріне Солтүстік Кавказдан шыққандар шабуыл жасаған.

Оқиға салдарынан Тәжікстанның үш азаматы көз жұмған, 20-дан астам адам ауруханаға түсті. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.Полиция жүзден астам адамды ұстаған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, қақтығысқа бейітте қызмет көрсету аумағын бөлісе алмау себеп болған.

Хован бейітінің бір қызметкері ұсталғандардың дені - Тәжікстан азаматтары екенін айтты. «Бізге шабуыл жасап, ұрып-соққаны аздай, енді өзімізге айып тағуда. Шабуыл жасаған жақтан небәрі бірнеше адам ғана ұсталды", - деді ол.

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода 14 мамырда болған оқиға туралы ресейлік әріптесі Владимир Колокольцевпен телефон арқылы әңгімелескен.

XS
SM
MD
LG