Ссылки доступа

Тәжікстан Кувейт инвестициясына үміттенеді


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Кувейтке ресми сапары кезінде ынтымақтастықты арттыратын алты бірдей құжатқа қол қойылды.

Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сыртқы істер министрлігі арасында кеңесу саласында, қауіпсіздік, білім және ғылым, әуе хабарламасы және ауыл шаруашылығы салалары бойынша құжаттарға қол қойылған.

Алдын Тәжікстан мен Кувейт арасында ынтымақтастық жөнінде 11 құжат болған. Енді олардың саны 17-ге жетті. Эмомали Рахмон сапар барысында Кувейт әмірі Шейх Сабох әл-Ахмад әл-Джабир ас-Сабохпен, мұрагер ханзада Шейх Навоф әл-Ахмад әл-Джабир ас-Сабохпен және Кувейттің өзге де мемлекеттік қайраткерлерімен келіссөздер жүргізді.

Кездесу кезінде экономика, сауда, энергетикалық, автожол және инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру мәселелері сөз болған.

Осыған орай Тәжікстан кувейттік инвестицияға қызығушылық білдірді.

XS
SM
MD
LG