Ссылки доступа

"Шекарасыз репортерлер": РБК-ны басып алудың саяси астары бар


Редакция басшылығын жұмыстан шығару Ресейде тәуелсіз БАҚ-ты классикалық әдіспен тыйым салу деп мәлімдейді "Шекарасыз репортерлер" ұйымы.

"Шекарасыз репортерлер" тәуелсіз журналистерді қорғайтын халықаралық ұйымы Ресейдің РБК медиахолдингіне қатысты мәлімдеме жасады. Онда РБК-ның бас редакторларын жұмыстан шығару Ресейдің тәуелсіз журналистикасына үлкен соққы болып отыр делінген.

13 мамырда басшылық РБК газетінің бас редакторы Максим Солюсты жұмыстан шығарды, орның артынша холдингтің шеф-редакторы Елизавета Осетинская мен РБК ақпараттық агенттіктің бас редакторы Роман Баданинді "Путин сарайының қарсысында“ деген мақаладан кейін жұмыстарынан шеттетті.

"Ресейде тәуелсіз зерттеу жүргізіп, репортаж жасайтын кәсіби журналистер қалмады деп айтуға болады. Жаппай етек алған жемқорлық пен биліктің әрекеті барынша құпия сақталатыны байқалады" делінген "Шекарасыз репортерлар" жасаған мәлімдемеде.


XS
SM
MD
LG