Ссылки доступа

Ресейде қорымда болған төбелестің ішінде шенділер де болған


Жаппай төбелеске қатысы бар деп ұсталған Хован қорымының бұрынғы директоры Юрий Чабуев Ресейдің тергеу комитеті жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылады.

Мұнан басқа, іске қатысты 14 адамның ішінде ІІМ полиция қызметкері Никита Мошенко да болған. Оған бұзақылық жасады деген айып тағылғаннан кейін, жұмыстан шығарылған.

ІІМ мәліметі бойынша, 14 мамырда Хован қорымында болған атысқа шамамен 200 адам қатысқан. Төбелес кезінде үшеуі қайтыс болған, 20 шақты адам ауруханаға жатқызылған. Жүзге тарта күдікті ұсталған. Оқиға қаржылық себептен туындаған.

Тәжікстан парламенті Мәскеудегі Хован қорымындағы жаппай төбелесте үш тәжік азаматының қайтыс болғанына алаңдаушылығын білдіреді.

XS
SM
MD
LG