Ссылки доступа

"Халықтық парламент" Бішкекте митинг өткізбекші


"Халықтық парламент" қоғамдық бірлестігі 17 мамырда Бішкекте митинг өткізбекші. Бұл жөнінде ұйымдастырушылардың бірі Расул Умбеталиев мәлімдеді.

"Халықтық парламент" бір ай бұрын құрылған. Алайда өткен аптада оның лидерлері Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті тарабынан ұсталды. Оларға билікті күшпен тартып алмақ болды деген айыптар тағылды.

Алдын Бішкектегі Бірінші мамыр әкімдігі "Ала-Тоо" алаңында митинг өткізуге рұқсат бермеген.

"Халықтық парламент" өкілдері митингке 50 мыңға жуық адам қатысады деп отыр.

XS
SM
MD
LG