Ссылки доступа

Венада Саргсян мен Алиев Карабақ мәселесін талқылауда


Венада Таулы Қарабақтағы жағдай ушығып кеткеннен кейін Әзірбайжан және Армения президенттері Ильхам Алиев пен Серж Саргсян бірінші рет кездесіп отыр. Бұл жөнінде Twitter парақшасына Армения президентінің баспасөз хатшысы Владимир Акопян хабарлады.

ЕҚЫҰ-ның Минск тобының тең төраға елдері — Ресей, АҚШ және Франция араағайындық етіп отыр. Атап айтқанда келіссөздерге Ресей және Франция сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Жан-Марк Эйро, сонымен бірге АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қатысуда.

Бұл сәуір айында Таулы Қарабақта жағдай ушығып кеткеннен кейінгі екі елдің бірінші кездесулері.

Делегация мүшелерінің бірі таратқан ақпарат көзіне қарағанда, кездесу кезінде тараптар Таулы Қарабақтағы жағдайды шешуге арналған саяси мәлімдеме жасауға талпынып жатыр.

XS
SM
MD
LG