Ссылки доступа

Ауғанстанда митингіден кейін электр желісі құрылысының маршруты өзгеретін болды


Кабулда көбінде исламның шиит ағымын ұстанатын хазарей ұлтының мыңдаған халқы үкіметтен электр желісінің маршрутын өзгертуді талап қойып марш өткізді.

Манифестанттар талабынан кейін билік Түркіменстан мен Кабулды байланыстыратын жоғарывольтты электр желісі құрылысының маршрутын қайта қарауға келісім берді. Билік арнайы комиссия шешімін 26 мамырда жариялайды деді.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани акцияны сабырлы, қақтығыссыз өткізгендерге алғысын білдірді.

Электр өткізу желісінің құрылысы Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістан қатысып отырған халықаралық жоба болып табылады. Бірінші маршрут Бамиян елдімекені арқылы өткен. Аз бөлігі хазарей халқына тиесілі болған. Кейін құрылысқа шығынды азайту мақсатында маршрут өзгерген. Билік жаңа жоба миллиондаған долларды үнемдейді деп отыр.

Ауғанстанда тұрғындардың 30-40 пайызы ғана электр энергиясымен қамтылған.

XS
SM
MD
LG