Ссылки доступа

Швейцария барлаушыларының құпия баяндамасы жарияланды


Құжатта Ресей және өзге де ТМД елдерінің арнайы қызметінің қылмыстық әлеммен байланысы бары айтылған.

Михаил Ходорковский жетекшілік ететін "Открытая Россия" қоғамдық ұйымының ресми сайтында 16 мамырда швейцариялық арнайы қызметтің талдау баяндамасы жарияланды. Баяндаманың датасы 2007 жылдың маусым айында деп қойылған. Онда Ресей мен бұрынғы ССРО елдерінің арнайы қызмет өкілдерінің қылмыстық әлеммен байланысы бары айтылған.

"Открытая Россия" сайтында жарық көрген баяндаманың авторлары арнайы қызметтің қылмыстық топтармен байланысына еш күмән келтірмеген. Сонымен қоса олар бұл ынтымақтастық "симбиоз" ба, әлде "оқидан оқиғаға өзара қарым-қатынас" болып табыла ма деген сұрақтарға жауап іздеген.

Баяндама авторларының бағасы бойынша, арнайы қызмет пен қылмыскерлер альянсының негізгі жұмысы табиғи ресурстарды шетелге экспорттау болып табылады екен.

XS
SM
MD
LG