Ссылки доступа

Астанада белсенділерге митинг өткізуге рұқсат етілмеді


21 мамырда Астананың орталық алаңында "жер мәселесі бойынша" митинг өткізу туралы қала әкімдігіне өтініш берген бастамашыл топқа рұқсат берілмеді.

Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың қолы қойылған митинг өткізуге рұқсат етілмеген құжаттың көшірмесін Facebook желісінде 16 мамыр күні кешке азаматтық белсенді Бақытжан Төреғожин жария етті.

Құжатқа сәйкес, өздерін «Алаш жолы» деп аталатын қозғалыстың мүшесі ретінде таныстырған белсенділер 21 мамыр күні «Бәйтерек» монументі тұрған алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруге мүмкіндік беретін жер кодексіне енген түзетулерге қарсы митинг өткізуге рұқсат сұраған.

Әкімдік өзінің шешімін «митинг өткізетін орынның» Астанадағы митингтер мен бейбіт жиындар өткізуге белгіленген аумаққа жатпайтындығымен түсіндіреді. Атап айтқанда бұл «азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, және көлік пен инфрақұрылым нысандарының қалыпты жұмыс істеуін және жасыл желектің сақталуын қамтамасыз ету» мақсатында шығарылған шешім екенін жазылған.

XS
SM
MD
LG