Ссылки доступа

Бішкектегі «Халықтық парламент» ұйымдастырған митингке бірнеше адам ғана келді


«Халықтық парламент» қоғамдық бірлестігі, бүгін, 17 мамырға Бішкектегі Жеңіс Алаңында митинг өткізетінін жариялағанымен, алаңға санаулы ғана адам келген.

Бұған дейін «Халықтық парламент» өкілдері митингке 50 мыңға жуық адамның қатысатынын мәлімдеген еді. Шараға қатысушылардан көрі тәртіп сақшылары мен ақпарат құралдарының өкілдерінің қарасы басым болды.

«Халықтық парламент» бір ай бұрын құрылған. Алайда өткен аптада оның жетекшілері билікті күшпен басып алмақ болды деген күдікпен қамауға алынды.

XS
SM
MD
LG