Ссылки доступа

Қырықтан астам өзбек және тәжік мигранты Ресейден шығарылады


Хован қорымындағы жаппай төбелес кезінде ұсталған 40-тан астам адам көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін Ресейден қуылмақ.

Тергеу комитеті «алдын ала қылмыстық келісіммен екі немесе одан да көп адамды өлтіру», «Заңсыз қару сақтау» және «Бұзақылық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. 112 адам ұсталды, олардың ішінде 40 адам миграциялық заңды бұзғаны үшін Ресейден қуылуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новости ақпарат агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлаған.

Жалпы ІІМ есебінше, 14 мамырда Хован мазарындағы төбелеске 200 шақты адам қатысқан. Полицейлер төбелеске мазар аумағына қызмет көрсету үшін туған талас себеп болғанын айтады. Қақтығыстан үш тәжік азаматы қаза тапқан, 20 данс астам адам ауруханаға түсті. Қазір астаналық барлық қорымдарда тексеру жүруде.

«Интерфакс» Хован бейітінің жұмыстан қуылған бұрынғы директоры Юрий Чабуевтың ұсталғанын хабарлады. Дүйсенбіде Пресненский соты қамау туралы шағымды қарайды. Осы отырыста жаппай төбелеске қатысқаны үшін ұсталған 14 адамға қатысты жаза тәртібі де белгіленеді.

XS
SM
MD
LG