Ссылки доступа

Украина мен Түркия әскери ынтымақтастық жоспарын мақұлдады


Украина мен Түркия Қарулы күштерінің арасында Украинаны 2020 жылға дейін НАТО-ға мүшелікке дайындауды көздейтін әскери ынтымақтастық жоспары қабылданды. Бұл туралы Украина Қарулы күштерінің Бас штабы хабарлады.

Екі елдің қарулы күштерінің 2020 жылға дейінгі ынтымақтастығын реттейтін жоспарда: реформалау мен қорғанысты жоспарлау, білім беру және әскерді дайындау, консультативті-кеңес беру көмегі, қарулы күштер түрлерінің арасындағы ынтымақтастық қарастырылған.

Өткен аптаның аяғында Украина мен Түркия сонымен бірге Қара теңіз бассейніндегі іс-әрекет жоспарын жасауға келіскен. Сонымен бірге әскери-техникалық әріптестік, логистикалық қамтамасыз ету, жеке құрамды дайындау, әскери-өнеркәсіп кешені жөнінен терең әріптестік орнату туралы келісімге қол жетті.

Украина мен Түркия соңғы кездері белсенді түрде ынтымақтастық орната бастады. Ресеймен арадағы қарым-қатынас ушыққан соң Түркия Ресейге қарсы санкция жарияламаса да Украинаның тұтастығы мен Ресейдің украиндық Қырымды заңсыз басып алғанын және Украинаның шығысындағы істерге араласқанын айыптайтын халықаралық қауымдастықтың көзқарасын толық қолдап отыр.

XS
SM
MD
LG