Ссылки доступа

Митинг жайлы ақпараттан кейін полиция қысымды күшейтті


"Жер мәселесіне" байланысты бүкіл Қазақстан бойынша митинг өтеді деген ақпарат тарағалы Қазақстан астанасы мен аймақтарында полиция белсенділерді ұстап, үйлері мен кейбір қоғамдық ұйым кеңсесінде тінту жүргізіп жатыр.

Әлеуметтік желілерде осы аптаның соңында «жер мәселесі жөнінде» бүкілқазақстандық митинг өтеді дегелі бері полиция белсенділерді жауап алуға шақыртуды, үйлері мен кеңселерді тінтуді күшейткен. Оралда Жанат Есентаев пен Исатай Өтеповті полиция тергеген.

Астанада Қазақстан парламентінің бұрынғы депутаты Уәлихан Қайсаровтың үйінде заңсыз қару сақтайды деген ақпар түсті деген желеумен полиция итпен тінту жүргіген. Уәлихан Қайсаров - ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруге қарсы Астанада митинг өткізу бойынша құрылған бастамашыл топ мүшесі. Астана белсенділерінің митинг өткізу туралы өтініштерін қараған қала әкімдігі оларға рұқсат бермеді.

Жалпы Қазақстанның әр өңірінде ондаған белсенді ұсталып, полицияда тергелді. Алайда Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова тінтулер мен ұстауларға қатысты еш хабары жоқтығын мәлімдейді.

XS
SM
MD
LG