Ссылки доступа

Түркияда қырғыз төлқұжатымен бір топ Қытай азаматы ұсталды


Стамбулда Сауд Арабиясына Қырғызстан төлқұжатымен ұшып кетпек болған 98 Қытай азаматы ұсталды.

ҚХР азаматтары боп табылатын этникалық ұйғырлар Стамбулдың Ататүрік әуежайына Үрімшіден ұшып келген. Олар Солтүстік Кипрге билет алған. 16 мамырда олар төлқұжаттық бақылаудан өтіп, транзиттік залға шығады. Осы жерде күтіп алған төрт адам оларға Қырғызстанның қолдан жасалған төлқұжаттарын таратып берген. Бұл туралы түрік басылымдары хабарлайды.

Нurriyet агенттігі Қытай азаматтарының әр төлқұжатқа 2,5 мың еуродан және әуе билетіне 300 доллардан төлегенін хабарлады.

Полиция күдіктілерді «Түрік әуе жолдарының» Джидда (Сауд Арабиясы) бағытындағы ұшағына отыру кезінде ұстаған.

Қытайдың 98 азаматы ресми тергеу аяқталған соң отандарына қайтарылады.Оларға төлқұжат сатқан төрт адамның қай елдің азаматтары екені белгісіз.

Қытайдағы ұйғыр азаматтарының Еуропаға шығу үшін Қырғызстан төлқұжатын сатып алу оқиғалары бұрын да тіркелген.

XS
SM
MD
LG