Ссылки доступа

Навальный казактар шабуылдардың алдында өздерін полиция аңдығанын мәлімдеді (бейне)


Сейсенбі күні казактардың шабуылына ұшыраған оппозиционер Алексей Навальный мұның алдында Анапада полицияның төрт күн бойы өзі мен жемқорлықпен күрес Қорының қызметкерлерін "ашық аңдығанын" мәлімдеді. Саясаткер Твиттерге: "Олар шабуыл жасау уақытын үйлестірді", – деп жазады.

Навальный мен оның жақтастарына шабуыл Анапа әуежайында болды. Оған 30 шақты адам қатысты. Полицейлер оқиғаға араласпай, бақылап тұрды. "Шабуыл жасауды орындағандар – "казактар" мен полиция. Ұйымдастырушысы – әрине, билік", – деді оппозиционер.

Казактар төбелесті жемқорлықпен күрес Қорының қызметкері бастағанын айтады. Олар "ешкімге шабуыл жасауды ойламағандарын", төбелес Навальныйдың бір жақтасы "кәрі казакты" бірінші боп ұрғаннан басталғанын айтады.

13 мамырда жемқорлықпен күрес Қорының мүшелерін Краснодар өлкесінде ұстады. Қор қызметкерлері өздерін террорға қарсы операция аясында ұстағандарын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG