Ссылки доступа

Сирия бойынша келіссөздер нәтижесіз аяқталды


Венадағы сириялық қақтығыс бойынша кезекті келіссөздер Сириядағы "өтпелі саяси кезең" мәселесін шешпеген күйі нәтижесіз аяқталды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри елде бейбітшілік орнатуға байланысы жоқ мәселелер бойынша ғана келісімге қол жеткенін мәлімдеді. Дегенмен Керри Сириядағы саяси өзгерістер үшін қажет жағдайлар 1 тамызға дейін қалыптасуы керек деп санайды. Алайда тараптар келесі келіссөздер мерзімі туралы келісе алмаған.

Ресейдің қолдауына сүйенген Башар Асад биліктен кетуді қаламайды. Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавров Ресей Сирия президентін қолдаудан бұрын терроризмге қарсы күресті көздейтінін мәлімдеді.

Ресей, АҚШ, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің өкілдері сириялық президент Башар Асад әскері мен оппозицияның қарулы күштерінің арасындағы оқ атуды тоқтатуға бар кұш-жігерлерін жұмсауға дайын екендерін білдірді.

XS
SM
MD
LG