Ссылки доступа

БҰҰ Ресейді қырым татарларын қуғындауды тоқтатуға шақырды


18 мамыр – Қырым татарлары халқын Қырымнан жер аудару құрбандарын еске алу Күні. 1944 жылы осы күні түбектен Орталық Азияға қырым татарлары тиелген алғашқы эшелон жөнелтілді. Жалпы 180 мыңнан астам адар туған жерінен күштеп қоныс аударылды.

Жыл сайын қырымда жер аудару Күнінің жылдығына орай бұқаралық шаралар, оның ішінде қаралы митинг өтетін. Бірақ 2014 жылы түбекті Ресей басып алғаннан кейін Симферополь орталығында мұндай шараларды өткізуге тыйым салынды.

Осыған орай БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының спикері Руперт Колвилл Ресейді түбектегі қудалау мен қысым көрсетуді тоқтатуға шақырды.

Ол Қырымдағы Меджлистің қызметіне тыйым салған сот шешіміне және осындай органға "экстремистік сипат" беруге тырысып жатқан жағдайға алаңдаушылық білдірді.Сонымен бірге ол Қырымда тінту, ұстау, жауап алу, түбектегі бірқатар ақпарат құралдарын жабу мен жұмыстарын тоқтатуға да алаңдап отыр.

XS
SM
MD
LG