Ссылки доступа

Украинадағы ресейлік банктер бизнестерін сатуды көздейді


Ресейлік "Сбербанк", ВТБ және Внешэкономбанк Украинадағы еншілес ұйымдарын сатуды көздеп отыр. Бұл жөнінде "Коммерсант" дереккөзге сүйеніп жазады.

Ресейлік ВТБ банктің президенті Андрей Костин Украинадағы бөлімшелерін жабуға ниетті екендігінің себебін шығынның көп екендігімен түсіндіреді. Берілген несиелердің дені қайтарылмаған. Мұнан бөлек саяси себептерге байланысты вандализм әрекеттері орын алатынын да атап өткен ВТБ баспасөз қызметі.

Алайда Украина Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Внешэкономбанк пен ВТБ-та шын мәнінде қаржылық проблема жоқ екенін айтады. Ал "Сбербанкте" түсім көп болған.

Ресейлік банктердің Украинадағы ірі бизнестерін сатуды көздейтін бұл бірінші жағдай. Сарапшылар мұны саяси себептермен түсіндіріп, "Украинада Ресейдің капиталымен бизнеске иелік ету қолайлы емес" дейді.

XS
SM
MD
LG