Ссылки доступа

Өзбекстанда құқық қорғаушыларды мәжбүрлеп психикалық ауруханаға жатқызуда


Еңбекшілердің құқықтары жөніндегі халықаралық форум (ILRF) 1 наурызда құқық қорғаушыларды белсенділіктері, ерліктері үшін және мәжбүрлі жұмыс істеткізу жүйесін өзгертудегі ерен еңбектері үшін сыйлықпен марапаттайтынын жариялаған.

Тәуелсіз журналист және құқық қорғаушы Малохат Эшанкулованың айтуынша, сыйлыққа үш өзбекстандық құқық қорғаушы ілінген. Алайда Өзбекстанның құқық қорғаушылар альянсының жетекшісі Елена Урлаеваны АҚШ-қа сыйлықты алу үшін бармақ болған сапары алдында мәжбүрлі түрде психикалық ауруханаға жатқызған.

Елена Урлаева – Өзбекстанда қалған санаулы құқық қорғаушының бірі. Бірнеше жылдар бойы ол мақта алқабында мониторинг жүргізіп келеді. Мәжбүрлі еңбек құрбандарымен кездеседі. Құқық қорғаушыларға сыйлықты беру рәсімі 12 мамырда Вашингтонда оның қатысуынсыз өтті.

Алдын Озодлик (Азаттықтың өзбек қызметі) жызақтық құқық қорғаушы Аликул Сарымсаков жөнінде жазған. Оны Тәшкентте белгісіз біреулер үстіміздегі жылдың наурыз айында премьер-министр Шавкат Мирзияевты сотқа бергеннен кейін ұрлап әкеткен. Одан кейін Сарымсаков Жызақ облысындағы психикалық ауруханаға жатқызылған. Онда оны бір ай бойында ұстаған.

Мұнан бөлек, өзбек билігі тарапынан тәшкенттік құқық қорғаушы Шухрат Рустамовқа 2015 жылдың 12 маусымында АҚШ елшілігіне БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның атына 28 беттік баяндама тапсырғаны үшін есі дұрыс емес деген анықтама берілген.

XS
SM
MD
LG