Ссылки доступа

Могерини: Тәжікстанда ахуал қиын болып тұр


Еуропалық Одақтың сыртқы байланыс жөніндегі комиссары бүкілхалықтық референдумға қарамастан Еуроодақ Тәжікстанға көмек көрсетуін тоқтатпайды деді.

Еуропалық Одақтың сыртқы байланыс жөніндегі комиссары Федерика Могерини Тәжікстан президенті өзінің билігін күшейтуді көздейтін референдум өткізу арқылы өзін қиын саяси жағдайға қалдырады деп мәлімдеді.

Ол еуропалық депутаттар, оның ішінде өзі де бар Конституцияны өзгертуге қатысты референдумның қаншалықты заңдық күші бар екеніне күмән келтіретінін білдірген.

Могерини Еуропалық Одақтың жетекшілері тәжік билігімен референдум өткізу мәселесімен адам құқықтарының қорғалуы жайында бірнеше рет талқылағанын айтты. Оның сөзінше, Тәжікстанның қауіпсіздік жағдайы қиын күйінде қалып тұр, Орталық Азиядағы экономикалық дағдарыс әлемдегі кедей елдердің бірі Тәжікстанның өмір сүру деңгейін түсіріп жіберген. Осыларды есепке ала отырып, Федерики Могерини Еуропалық Одақ Тәжікстанға көмек беруін жалғастыра береді деді.

XS
SM
MD
LG