Ссылки доступа

Құқық қорғаушылар президент Атамбаевты сотқа берді


Қырғызстанда екі құқық қорғаушы өздерінің жұмыстарына қатысты айтқан пікірі үшін президент Алмазбек Атамбаевты сотқа берді.

Азиза Абдирасулова мен Төлеқан Исмаилова есімді құқық қорғаушылар Бішкек қаласының Первомай аудандық сотына жеке шағым берген. Сот отырысының қашан өтетіні әзірге белгісіз.

Құқық қорғаушылар президенттен ресми түрде кешірім сұрауды және өздеріне қатысты айтқан сөзін жоққа шығаруды талап етуде. Сонымен бірге моральдық өтемақы ретінде 2 миллион сом (29 мың долларға жуық) талап еткен.

Абдирасулова мен Исмаилова 12 мамырда «Халықтық парламенттің» жиынына қатысқан. Екі күн өткен соң Ана күніне арналған шарада президент Атамбаев «Халықтық парламент» өкілдерінің кез келген сылтаумен «елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға» тырысатынын айтып және құқық қорғаушыларды «шетелдік гранттарды адал ақтап жүрген» жандар есебінде айыптаған еді. Құқық қорғаушылар «Халықтық парламент» жиынының жұмыс барысын бақылағандарын айтады.

XS
SM
MD
LG