Ссылки доступа

Қазақстанда жиырмадан астам адам «митингке шақырғандары үшін» қамауға алынды


Қазақстанның әр өңіріндегі жиырмадан астам адам «бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңды бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды.

Бұл адамдар үкімет ұсынған жер реформасына қатысты өзінің пікірлерін білдірген және 21 мамырға белгіленген «жер мәселесі» туралы митингке бару жайлы ойларымен бөліскен.

Осы аптаның басынан бері Қазақстан полициясы жер реформасы мен 21 мамырда өтеді делінген митингке қатысты ойларын білдірген белсенділер мен әлеуметтік желіні пайдаланушыларға қысымды күшейтті. Қазақстанның өңірлерінде 17 мамырдан бері жиырмадан астам адам қамауға алынды. Өңірдегі соттар әкімшілік қамауға алу туралы шешімдерді түн ортасында шығарып жатыр.

Freedom House ұйымы сәрсенбі күні Астананы дереу белсенділерді босатуға шақырды. Оның алдында БҰҰ адам құқықтары жөніндегі мамандары Қазақстан билігіне үкіметтің ауыл шаруашылығы жерлерін жекешелендіру және жалға беру жоспарына қарсылық көрсеткен азаматтық белсенділерді қудалау мен қылмыстық жазалауды тоқтатуға үндеген еді.

XS
SM
MD
LG