Ссылки доступа

Өзбекстан әскери тікұшақтар сатып алды (бейне)


Әлемдегі тікұшақ өндірісіндегі жетекші Airbus Helicopters француз-неміс бірлескен компаниясы Өзбекстан қарулы күштеріне Super Puma көлік және AS 350 Ecureil жеңіл тікұшақтарын сатты. Бұл туралы I-mash сайтына сілтеме жасап Ca-News хабарлады

I-mash дерегінше, Өзбекстан 2013 жылы Airbus Helicopters компаниясымен әскери әуе күштеріне арнап 8 көлік және 8 жеңіл тікұшақ сатып алу туралы келісімге келген. Оның құны 180 миллион еуро.

Германия үкіметі басында саяси себептерге байланысты (Өзбекстанды «демократиялық емес» мемлекет ретінде санаған) Ташкентке осы тікұшақтарды сатудан бас тартуына байланысты келісімшартты орындау мерзімі созылып кеткен.

2014 жылдың жазында Airbus Helicopters Өзбекстанға екі тікұшақты «әскери мақсатта емес» түрде жеткізген, алайда қалған 14 тікұшақты жеткізуге Германия үкіметі тек 2015 жылдың наурызында рұқсат берген.

XS
SM
MD
LG