Ссылки доступа

Дағдарыс Тәжікстандағы жарнама бизнесін тоқыратты (бейне)


Экономикалық дағдарыс жағдайында кезінде табысты саналған жарнама нарығы тұралап қалған, көптеген жарнама агенттіктері нарықтан кетуге мәжбүр.

Душанбе қалаларында жарнамалық билбордтар саны күрт кеміп кетті, ал жарнама беру құны 75%-ға төмендеген. Кей дерек бойынша, қаладағы жарнама тақталарының жартысы бос тұр.

Sky Central Asia/Tajikistan компаниясының директоры Шерали Джурабоевтың сөзінше, 2011 жылға дейін бір ғана мобильді байланыс операторлары мемлекеттік телеарналардың қазынасына жарты миллион АҚШ доллары көлемінде табыс әкелген. Енді бұл компаниялар жарнамаға кететін шығынды азайтып, қызметтерін арзанға түсетін интернетте жарнамалауға көшкен.

Forex компаниясының директоры Азамат Зикириёев дағдарыс салдарынан сауда көлемінің кеміп кеткенін, барлық компания мен ұйымдардың бюджеті қысқарғанын айтады. «Дағдарыс бізді де айналып өтпеді. Біз қызметкерлерімізге жарнама берушілердің саны азайғандықтан табыс пен еңбекақы көлемінің төмендеуі мүмкін екенін ескертуге мәжбүрміз», - дейді ол.

Бүгінде Душанбеде сыртқы жарнама қызметімен тек 5-6 ірі жарнама компаниясы ғана айналысады.

XS
SM
MD
LG