Ссылки доступа

Түркіменстанда жер серіктік антенналарымен «күресуде»


Түркіменстанда жер серіктік антенналарын бұзып, алып тастау науқаны жалғасуда. Ресми түрде олар мәрмәрдәй ақ қаланың "келбетін бұзатын" нысан саналады.

Азаттықтың түркімен редакциясы жақында бұл шараның Ашғабаттан жырақтағы аудандарға да тарағанын білді. Бұл жер серіктік антенналарын алып тастау бірінші кезекте Түркіменстан тұрғындарын сыртқы әлемнен оқшаулауды көздейтіні туралы күдікті күшейтті.

Ашғабатта жер серіктік антенналарын алып тастағандарға кабельді телевизияның мемлекеттік бөлігіне жазылу ұсынылған. Кей жерлерде орталық антенна жұмыс істейді. Екі жағдайда да таңдауға берілген телеарна саны шектеулі.

Түркіменстанның кішкентай қалаларындағы адамдарға мұндай да таңдау ұсынылмайтын секілді. Жер серіктік антенналарынан айырылып қалған жандарға түркімен президентінің өзі бірде қызықсыз деп атаған мемлекеттік түркімен телевизиясын көруден басқа амал қалмайды.​

XS
SM
MD
LG