Ссылки доступа

Тәжікстанда Холи мерекесін тойлағандарды милиция соққыға жыққан


Балағат сөздер мен зорлау туралы қоқан-лоқыға, соққы мен айғай, жылаған адамдардың дауыстарына толы 16 минуттық аудиожазба әлеуметтік желінің тәжік бөлігін дүр сілкіндіріп, құқық қорғаушылардың наразылығын тудырды.

Мобильді телефонға жазылған аудиожазбаға берілген түсініктемеде үнділік Холи ұлттық-діни мерекесін тойлаған бір топ қыз-жігітті милиция қызметкерлерінің ұстап, ұрып-соққаны туралы жазылған.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі жапа шеккен жастарды ішкі істер органдарына шағымдануға шақырды. ІІМ баспасөз хатшысы Джалолиддин Садриддинов 15 мамырда көшеде Холи мерекесін тойлаған бір топ жастың ұсталғанын растады. Жауап алудан соң олардың бәрі босатылған.

Азаптауларға қарсы ҮЕҰ Коалициясының мүшесі Дилрабо Самадова жазбамен танысып шыққан соң, «милиционерлердің 16 минут ішінде 25 мәрте ұсталғандарға қол көтергендері туралы» қорытынды жасаған.

Мерекені ұйымдастырушылардың сөзінше, шараға билік орындарының рұқсат бергеніне қарамастан, мерекеге қатысқандардың бір бөлігі беттеріне түрлі-түсті опа жағылған күйі үйлеріне қайтып келе жатқан бетте ұсталған.

XS
SM
MD
LG