Ссылки доступа

Ирак әскері Эр-Рутбуды содырлардан азат етті


Ирактың қарулы күштері 2014 жылдан бері "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы содырларының қолында болған елдің батысындағы Эр-Рутба қаласына бақылау орнатты.

Ирактың қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, АҚШ жетекшілік ететін коалиция күштерінің қолдауымен ирактық жауынгерлер Иорданиямен шекара маңындағы Анбар провинциясындағы Эр-Рутба қаласын босатқан.

Қаланы азат ету операциясы үш күн бұрын басталған. Ирактағы АҚШ қарулы күштерінің өкілі Стив Уоррен Эр-Рутбадағы содырлардың көрсеткен қарсылығын "орташадан жеңілге дейін" деп бағалады. Оның сөзінше ирактық жауынгерлер қазір қаланың төңірегін содырлардан тазалауда.

Көкек айында ирактық жауынгерлер жергілікті тайпалардың қолдауымен содырлардан Хит қаласын босатқан. 2015 жылдың соңында "Ислам мемлекеті" содырларынан Рамади қаласы азат етілді.

XS
SM
MD
LG