Ссылки доступа

Сулайманов: қырғыз милициясы жауапты азаптау арқылы алады


Қырғызстанда кінәсін мойындағандардың 84,8% осындай жауапты құқық қорғау органдарының азаптауынан кейін беруге мәжбүр болған. Қырғыз тәртіп сақшылары күдіктіге бәрін мойындату үшін ұрып-соғуды жиі қолданады.

Бұл туралы Жоғорку Кеңеш отырысында азаптаулар мен өзге де қатігез, адамшылыққа жат немесе ар-намысты қорлайтын жаза мен қарым-қатынастың алдын алу жөніндегі Орталықтың директоры Нурдин Сулайманов мәлімдеді.

Оның дерегінше, былтыр 199 азаматтан азаптаудан өткені туралы шағым түскен, биылғы жылдың нәтжесі әзірге жоқ.

Заңсыз ұсталған адамдардың азапталатыны және туыстары мен адвокатының ештеңеден хабарсыз қалатыны айтылды.

Бас бостандығынан айыру мекемелерінде мониторинг жүргізетін орталықтың қызметкерлері тергеу абақтылары мен өзге де жабық мекемелерде отырғандардың сауалға жауап бергендерінің 27,6% тергеу абақтысында да, уақытша оқшаулағышта да таяқ жегендері, қорлық көргендері туралы айтқанын мәлімдеді. Сауалнамаға қатысқандардың 10% милиция бөлімшелерінде өздерін азаптағаны және қорлағандары жайлы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG