Ссылки доступа

Душанбедегі ЕО өкілдігінің алдына жиналғандар "сатқындарды" ұстап беруді талап етті


Душанбедегі Еуропалық Одақ өкілдігінің кеңсесінің алдына келген бір топ әйел мен жас еуропалық дипломаттардан өздері "сатқындар" деп санайтын адамдарды Тәжікстанға қайтаруды талап етті.

Тәжікстандағы Еуроодақ делегациясының басшысы Хидает Бишчевич тәжік оппозициясы жетекшілерін ұстап беруді талап еткендердің әрекетіне таңданысын жасырмады.

"ЕО оппозиция жетекшілерінің қайда жүргенін білмейді және оларды ұстап беруге қатысты құқықтық мәселелерде ешқандай өкілеттілігі жоқ. Мұның алдында осыған ұқсас оқиғадан соң, Тәжікстан билігіне ЕО ұлттық саясаты туралы айтқан едім. Оның үстіне ЕО мен Тәжікстан қарым-қатынасының даму қарқынына қарасақ, ЕО экономика, білім беру мен денсаулық сақтау саласына көрсеткен көмегін ескере отырып, Еуропа одағын Тәжікстанның "жауы" ретінде атағандардың қылығын түсінбеймін" -, деді Бишчевич.

Хидает Бишчевич Еуропа Тәжікстандағы адам құқығы, азаматтық қоғам, сөз бостандығы мен діни сенім еркіндігі жағынан күрделі түйткілдерден хабардар болса да, ЕО мен Тәжікстан арасындағы әріптестіктің соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын еске салды.

XS
SM
MD
LG