Ссылки доступа

Қырғызстан Ресейден мигранттардың "қара тізімін" қысқартуды сұрайды


Жогорку Кенеш спикері Чыныбай Турсунбеков Ресей Федерациясы кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкодан екі ел арасында еңбек ресурстарының еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін "қара тізімді" қысқартуын сұрады.

Турсунбеков бұл тақырыпты Санкт-Петербургте өткен ТМД елдерінің парламент аралық ассамблеясында көтерді. Сонымен бірге тараптар екіжақты ынтымақтастықтың дамуы жөнінде пікір алмасты.

Еске сала кетейік, Ресейдің Федералды миграциялық қызметі 2013 жылы Ресейдің миграциялық заңдарын бұзғандар кіретін "қара тізім" құрған.

Аталған мекеменің дерегі бойынша, 2015 жылдың ішінде "қара тізімге" енген 100 мыңға тарта қырғызстандық Ресейден шығарылған. Қазір Ресейге кіре алмайтын тізімнің ішінде 60 мың қырғызстандық бар.

Қырғызстан 2015 жылдың 12 тамызынан бастап Еуроазиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі. Көптеген еңбек мигранттары осыдан кейін бізге жеңілдіктер қарастырылады деп күткен еді. Алайда мигранттарға жеңілдік тек жұмысқа тұру жөнінде ғана болған.

XS
SM
MD
LG