Ссылки доступа

Өзбекстан әлемнің ең шәйқор елі деп танылды


Euromonitor орталығының зерттеуі бойынша, 99,6 пайыз өзбекстандық сусындардың ішінде шәйді бірінші кезекке қояды. Ал кофе ең соңғы орында.

Әлемнің ең шәйқор он елдің ішіне Өзбекстаннан бөлек Кения (99,2%), Әзірбайжан (99,1 %), Пәкістан (99 %), Қытай (98,9 %), Египет (98,5 %), Марокко (96,1 %), Қазақстан (95,6 %), Нигерия (95,4 %) және Үндістан (89 %) кірген.

Ал кофені жақсы көретіндер Гватемаледе (99¸6%), Доминикан Республикасында (99¸5%)¸ Бразилияда (97¸4%)¸ Эквадорда (97¸4%) және Коста-Рикада (96¸9 %) тұрады екен.

Зерттеу жүргізген авторлар Азиялық континент шәй ішкенде алда келеді, бірақ соңғы кезде шәйға деген ынтығушылық Латын Америкасында да артып келеді.

Зерттеу нәтижесі бойынша, әлемнің көп бөлігі шәй мен кофені қалайды екен.

XS
SM
MD
LG