Ссылки доступа

Қазақстанда ірі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді уақытша үзіп тастады


Қазақстанда жұмаға қараған түні Facebook, Twitter, "ВКонтакте", WhatsApp, Viber және YouTube секілді ірі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жұмыс істемей қалды. Telegram ара-тұра ғана жұмыс істеді. Бұл жөнінде Алматы тұрғындары хабарлады.

Бұғаттаудың себебі белгісіз. Бірақ жергілікті тұрғындар мұны сенбі күні, 21 мамырда Қазақстандағы жер реформасына қатысты өтетін митингпен байланыстырады.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, шамамен сағат 00:00-ден 01:00-ге дейін Қазақстанда Инстаграм мен "Мой мирді" қоса алғанда барлық ірі коммуникациялық платформалар жұмыс істемеді. Ал сағат 01:00-ден 02:00-ге дейін Алматыда интернет мүлдем жұмыс істемеген.

Қазақстанның астанасында да әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жұмыс істемеген. Бірақ мобилді телефон арқылы интернет жұмыс істеген.

Соңғы айларда 21 мамырда жоспарланған митинг жөнінде әлеуметтік желілер арқылы көп тарады. 17 мамырдан бастап елде рұқсат етілмеген митингке шақырды деп 20-дан астам адам қамауға алынды.

XS
SM
MD
LG