Ссылки доступа

Француз телеарнасы "Россия 24" телеарнасының Франция туралы жалған сюжетін әшкереледі (бейне)


Француздың атақты Canal+ телеарнасының Le Petit Journal бағдарламасы ресейлік тележүргізуші Дмитрий Киселевтің “Россия 24” арнасындағы Франция туралы хабарын әшкереледі.

Ресейлік телеарна "мигранттардың көшінен шаршаған" Еуропалық бірлестікке күмән келтіретін француздар туралы сюжет көрсетті. Француз телебағдарламасының жүргізушісі “Россия 24” телеарнасының жаңа еңбек туралы заңға қарсылық туралы бұл хабарда еуроскептицизмге еш қатысы жоқ кадрлардың пайдаланылғанын айтады.

“Россия 24” сюжетінде қарапайым шерушілерден бастап, Францияның еуропалық істер жөніндегі бұрынғы мемлекеттік хатшысы Брюно Ле Мэрдің сұхбаттары беріледі. Аударма дауысы олардың өз сөздерінің дыбысын естіртпейді.

Француз журналистері Дмитрий Киселевтің хабарында кейіпкер болған жандарға сюжетті көрсеткен. Олардың бәрі ресейлік телеарна өздерінің сөздерін бұрмалағанын, тіпті мүлдем қарама-қарсы мағынаға өзгерткенін мәлімдеді.
Сонымен бірге сюжетте мигранттардың басып алуының кесірінен жабылып қалған лицей туралы айтылады. Шындығында бұл лицей босқындардың жаппай ағылуынан көп уақыт бұрын, 2011 жылы жабылып қалған.

Хабар соңында оның кейіпкерлері ресейлік журналистерді шынайы аударма жасауға шақырады және өздерін ресейлік телеарнаның ақымақ қылғанына қорланатындарын мәлімдейді.

XS
SM
MD
LG