Ссылки доступа

Обама Вьетнамға барады


.

.

АҚШ президенті Барак Обама Азия елдеріне жасайтын жеті күндік сапарын Вьетнамнан бастайды. Мұнда Обама үш күнге аялдайды.

АҚШ президенті билік, азаматтық қоғам және бизнес өкілдерімен кездеседі, сонымен бірге екі ел арасындағы қарым-қатынас туралы баяндама жасайды. Бұдан соң Обама "Үлкен жетіліктің" саммитіне қатысу үшін Жапонияға ұшып кетеді.

Ақ үйдің басшысы АҚШ, Вьетнам және Жапония секілді 12 елдің қатысуымен Тынық мұхиты өңіріндегі сауда келісіміне қол қоюға үгіттеуді көздейді. Саммит Хиросимада өтеді. Обама 1945 жылы АҚШ әуе күштері тастаған бомбадан бірден 80 мың адам қырылған ядролық шабуылдан кейін жапон жеріне аяқ басқан алғашқы америкалық президент болмақ.

XS
SM
MD
LG