Ссылки доступа

Қырғызстан президенті шекараны күшейтуді тапсырды


Президент Алмазбек Атамбаев Қарулы күштердің Бас штабының бастығы Райымберді Дүйшенбиевті қабылдады.

Атамбаевқа Қырғызстанның Қарулы күштерін күшейту мен әскердің жауынгерлік қабілеті туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Бас штабтың әлі күнге дейін жаңа заман талабына сай Қарулы күштер құрылымын жасақтау ісін аяқтамағанын сынға алды. Атамбаев елдің шептері мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін одан әрі күшейту қажет деп санайды.

Президент әскери басшылыққа әскери тәртіпті жақсарту мен әскери бөлім мен бөлімшелер командирлерінің әскери қызметішінің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігін күшейту бойынша шара қолдануды тапсырды.

Мемлекет басшысы ҚР Қарулы күштері Бас штабының жаңа бастығымен бірінші рет кездесті. Дүйшенбиев бұл қызметке биылғы жылдың мамырында тағайындалды.

XS
SM
MD
LG